Сабина Алтынбекова «Астана» клубында ойнайды

Фото: All Sports Media
Әйгілі қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова кәсіби мансабын ел ішінде жалғастырады, деп хабарлайды Pin-Upsport.kz.
Қыркүйектің 1-інен бастап 28 жастағы спортшы ресми түрде «Астана» клубының құрамына қосылды.
Алтынбекова алғаш рет 2015 жылы Тайбэйде өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында ел назарын аударды. Ол кезде ойын өрнегімен қатар сырт келбеті де жанкүйерлердің қызығушылығын тудырған еді. Бұған дейін ол «Алматы» клубында ойнап, кейін Жапония, БАӘ және Индонезия біріншіліктерінде бақ сынады. «Аль-Васл» сапында Араб лигасының чемпионы атанды.
Спорттан тыс өмірінде де маңызды кезеңдер болды: 2020 жылы тұрмысқа шығып, кейін ана атанды. Алайда 2025 жылдың басында Сабинаның ажырасқаны белгілі болды. Енді ол мансабындағы жаңа белесті туған елінде бастамақ.