Рыбакина WTA турнирлерінде жеңістер саны бойынша көш бастады

Фото: WTA
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA турнирлері аясында маңызды статистикалық көрсеткішке қол жеткізді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. OptaAce статистикалық ресурсының мәліметіне сәйкес, қазақстандық спортшы өткен жылдың жазынан бері ең көп жеңіс тіркеген теннисші атанды.
Өткен жылдың шілде айында Солтүстік Америкадағы хард корттағы турнирлер сериясы басталғаннан бері Рыбакина WTA деңгейіндегі матчтарда 41 жеңіске жетті. Бұл көрсеткіш қазіргі уақытта турдағы барлық теннисшілер арасындағы ең жоғары нәтиже болып саналады.
Аталған көрсеткіш бойынша Рыбакинаны қуып келе жатқан бірнеше теннисші бар. Польша өкілі Ига Швёнтек, америкалық Джессика Пегула, канадалық Виктория Мбоко және румыниялық Сорана Кырстя осы кезеңде 31 жеңістен тіркеген. Осылайша қазақстандық теннисші бұл рейтингте айқын көш бастап тұр.
Қазақстандық спортшының бұл жетістігі туралы ақпарат OptaAce статистикалық жобасының әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды. Онда өткен жылдың шілде айынан бастап Солтүстік Америкадағы хард турнирлер сериясы басталған уақыттан бері WTA деңгейіндегі матчтарда ең көп жеңіске жеткен теннисші дәл Елена Рыбакина екені атап өтілген.
Бублик Индиан-Уэллс турниріндегі жарысын аяқтады
Алмабаев UFC рейтингінде екі сатыға көтерілді
