Рыбакина мен Путинцева Мадридтегі турнирге қатысады

Елена Рыбакина. Фото: Пресс-служба ФТК
Қазақстандық теннисшілер Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева Мадридте өтетін WTA 1000 санатындағы турнирге қатысушылар тізіміне енді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Жарысқа әлемнің үздік теннисшілері жиналады.
Турнирдің өтінім тізіміне WTA рейтингінің алғашқы 75 спортшысы енгізілген. Олардың қатарында әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина және 72-орында тұрған Юлия Путинцева бар. Сонымен қатар жарысқа Елена Остапенко, Ига Швентек, Арина Соболенко, Кори Гауфф, Ясмин Паолини және басқа да үздік теннисшілер қатысады.
Мадридтегі турнир 22 сәуір мен 3 мамыр аралығында өтеді. Өткен маусымда Рыбакина қазақстандықтар арасында ең үздік нәтиже көрсетіп, жартылай финалға дейін жеткен еді. Сол турнирдің ширек финалында ол Юлия Путинцеваны жеңген болатын.
Алдағы жарыс қазақстандық теннисшілер үшін рейтингтік ұпай жинау және маусымдағы маңызды турнирлердің бірі болмақ.


