Рыбакина Майамидегі турнирде Путинцеваны жеңді

Фото: WTA
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Майамиде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің үшінші кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Ол екінші айналымда отандасы Юлия Путинцеваны жеңді.
Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған Рыбакина 75-орындағы Путинцеваға қарсы матчта сенімді ойын көрсетті. Кездесу нәтижесінде ол 6:3, 6:3 есебімен екі сетте жеңіске жетіп, келесі кезеңге өтті.
Бұл матч Рыбакина үшін Miami Open-2026 турниріндегі алғашқы ойын болды, себебі ол жарысты екінші айналымнан бастады. Ал Путинцева бірінші айналымда Индонезия өкілі Джанис Тьенді 3:6, 6:3, 6:4 есебімен жеңіп, келесі кезеңге өткен еді.
Майами турнирінің жүлде қоры 9 415 725 долларды құрайды. Жеңімпаз 1 151 380 доллар және 1000 рейтингтік ұпайға ие болады.
Алдыңғы мақала:
ҚПЛ клубтары Opta рейтингінде орын алдыКелесі мақала:
Бублик Майамидегі турнирде Берреттиниге жол берді
