Рыбакина Бейжің турнирінен күтпеген жерден шығып қалды

Елена Рыбакина

Фото: Getty Images

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 10-орын) Бейжіңде өтіп жатқан беделді WTA 1000 турниріндегі жарысын аяқтады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Үшінші айналымда ол германиялық Ева Лиске (66-орын) 3:6, 6:1, 4:6 есебімен есе жіберді.

Кездесудің фавориті саналған Рыбакинаға қарсылас қарсылық көрсетіп, 1/8 финалға жолдама алды. Осылайша, қазақстандық спортшы турнирді мерзімінен бұрын аяқтады.

Айта кетейік, бұған дейін Рыбакина америкалық Кэти Макнэллиді (90-орын) 7:5, 4:6, 6:3 есебімен жеңген еді. Бейжің турнирінің жүлде қоры 8 963 700 долларды құрайды, ал чемпион атанған спортшы 1 124 380 доллар және 1000 рейтингтік ұпай иеленеді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру