Руслан Мадиев қарсыласын ерте тоқтатуға ниетті

Руслан Мадиев

Руслан Мадиев. Фото: LightRocket via Getty Images

Қазақстандық боксшы Руслан Мадиев алдағы жекпе-жекке дайындық барысымен бөлісті. Ол 6 маусым күні Испанияның Жирона қаласында мексикалық Хорхе Батальямен жұдырықтасады.

Мадиев өзін жақсы сезінетінін айтып, қазірден бастап салмақты түсіру жұмыстары басталғанын жеткізді. Қарсыласының бірқатар жекпе-жектерін қарап шыққан ол Батальяның алға ұмтылатын, көп соққы жасайтын боксшы екенін атап өтті. Соған қарамастан, Руслан айқасты толық он раундқа жоспарлап отырғанын, бірақ мүмкін болса, ерте аяқтауға тырысатынын айтты.

Айта кетейік, Мадиев соңғы жекпе-жегін 1 ақпанда Бангкокте өткізіп, филиппиндік Али Канеганы ұпай санымен жеңіп, WBA Asia белбеуін иеленген болатын.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
07 Мар - 16:00 Бокс
Сұлтан Заурбек WBO рейтингінің үздік 15 боксшысы қатарынан шығып қалды
05 Мар - 13:00 Бокс
Тайсон мен Мэйвезер жекпе-жегінің жоспарланған күні өзгеруі мүмкін
28 Фев - 13:40 Бокс
Дмитрий Бивол мен Артур Бетербиев ESPN рейтингінің үздік ондығынан шықты
28 Фев - 10:29 Бокс
Жәнібек Әлімханұлының ісі бойынша IBF шешімі жақын күндері жариялануы мүмкін
27 Фев - 20:11 Бокс
Алты қазақстандық бұрымды боксшы Странджа кубогының жартылай финалына өтті
27 Фев - 12:08 Бокс
Дензел Бентли Жәнібек Әлімханұлын уақытша титулдарынан айыру керек деп санайды
26 Фев - 12:16 Бокс
Жәнібек Әлімханұлы екінші мәрте жазаланды
25 Фев - 20:00 Бокс
«Странджа» турнирінде қазақстандық бауырлар арасындағы жекпе-жек өтпеді
25 Фев - 08:46 Бокс
Данияр Елеусінов 5 сәуірде Zuffa Boxing лигасында жекпе-жек өткізеді
21 Фев - 17:17 Бокс
Жәнібек Әлімханұлы дисквалификация аяқталған соң рингке оралуды жоспарлап отыр