Роналду клубтар арасындағы әлем чемпионатына қатысу үшін Англияға қайта оралуы мүмкін

Криштиану Роналду

Криштиану Роналду. Фото: Getty Images

Футбол тарихындағы ең үздік сұрмергендердің бірі саналатын Криштиану Роналду Клубтық әлем чемпионатына қатысу үшін клубын ауыстыруы ықтимал. Қазіргі таңда Сауд Арабиясының «Әл-Наср» командасында ойнап жүрген португалиялық жұлдыз Англияға қайта оралуды көздеп отыр.

Араб журналисі Насир Джаббардың (Sport Bible) хабарлауынша, Роналду бір айлық келісімшартқа қол қойып, «Манчестер Сити» немесе «Челси» клубтарының біріне қосылуы мүмкін. Бұл қадам оған әлем чемпионатына қатысуға жол ашпақ.

Айта кетейік, Криштиану бұған дейін Англияда «Манчестер Юнайтед» сапында өнер көрсетіп, Чемпиондар лигасын жеңіп алған. Сонымен қатар, бұған дейін де футболшының Клубтық әлем чемпионатына қатысу мақсатында «Интер Майамиға» ауысуы мүмкін деген ақпарат тараған.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
08 Мар - 00:34 Футбол
ҚПЛ-2026 маусымы басталды: алғашқы ойын күнінде 12 гол соғылды
07 Мар - 20:21 Футбол
Луиш Нани «Ақтөбе» сапында Қазақстан чемпионатында дебют жасап, нәтижелі пас берді
07 Мар - 11:34 Футбол
«Реал» Юрген Клоппты болашақ бас бапкер ретінде қарастыруы мүмкін
07 Мар - 10:11 Футбол
«Интер Майами» иесі Лионель Мессидің жылдық жалақысын атады
07 Мар - 08:46 Футбол
«Қайрат» футзалдан Чемпиондар лигасының ширек финалында «Картахенаға» жол берді
06 Мар - 22:37 Футбол
«Семей» футзалдан Чемпиондар лигасының ширек финалында «Этуальға» жол берді
06 Мар - 11:20 Футбол
Алматыда футбол матчтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа үлгісі айқындалды
06 Мар - 09:45 Футбол
Павлодарда «Ертіс» клубына арналған жаңа стадион салу жоспарланып отыр
05 Мар - 21:22 Футбол
Ханси Фликтің «Барселонадағы» болашағы клуб президенті сайлауына байланысты
05 Мар - 20:11 Футбол
Жекеменшікке өткен «Ордабасы» атауын өзгертуі мүмкін