Роналду футбол тарихында бұрын-соңды болмаған көрсеткішке қол жеткізді

Криштиану Роналду

Криштиану Роналду

«Аль-Наср» шабуылшысы Криштиану Роналду төрт түрлі клуб пен ұлттық құрама сапында 100-ден аса гол соққан алғашқы футболшы атанды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Бұл жетістік Сауд Арабиясының Суперкубогындағы «Аль-Ахлиге» қарсы ойында тіркелді. Криштиану пенальтиден нәтижелі соққы жасап, мерейлі көрсеткішке жетті.

Қазіргі таңда Роналдудың қоржынында:

«Манчестер Юнайтед» үшін – 145 гол

«Реал Мадрид» үшін – 450

«Ювентус» сапында – 101

«Аль-Наср» құрамында – 100

Португалия құрамасы үшін – 139 гол бар.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру