Резников ACA 188 турнирінде Шайхаевқа есе жіберді

Артем Резников

Фото: ACA

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Артём Резников Сочиде өткен ACA 188 турнирінде ресейлік Дауд Шайхаевпен күш сынасты, деп хабарлайды Pin-Upsport.kz.

Жеңіл салмақта өткен жекпе-жек алғашқы раундта аяқталды — Шайхаев қарсыласын тұншықтыру әдісімен жеңіп шықты. Бұл оның кәсіби мансабындағы 17-ші жеңісі.

Ал Резников үшін бұл — профи деңгейіндегі оныншы жеңіліс. Соңғы бес кездесуінің төртеуінде ұтылып, жалғыз жеңісін ресейлік Мұхаммед Коковқа қарсы жекпе-жекте тіркеген.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру