«Реал» «Кристал Пэлас» ойыншысына көз тікті

Адам Уортон

Фото: Spurs Web

Ла Лигадағы маусымды «Осасунаға» қарсы бастауға дайындалып жатқан мадридтік «Реал» жас ағылшын жартылай қорғаушысы Адам Уортонға қызығушылық білдіруде, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Defensa Central дерегінше, 21 жастағы футболшы өткен маусымда Англиядағы ең көп талқыланған жас ойыншылардың бірі болды. «Реал» скауттары оның ойынын біраз уақыттан бері бақылап, қабілетін жоғары бағалаған. Дегенмен, трансфер тек Родриго Гоэс немесе Дани Себальос клубтан кеткен жағдайда ғана мүмкін болмақ. Сол кезде Уортон негізгі үміткерлердің қатарына қосылуы ықтимал.

Адам Уортон — «Блэкберн Роверс» академиясының түлегі. 2024 жылы ол «Кристал Пэлас» сапына ауысты. Өткен маусымда 27 ойын өткізіп, екі нәтижелі пас берген. Transfermarkt дерегінше, оның нарықтық құны 45 миллион еуроны құрайды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
30 Янв - 08:06 Футбол
Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне шыққан барлық командалар анықталды
29 Янв - 20:58 Футбол
Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі үздік үш ойыншының қатарына енді
29 Янв - 15:03 Футбол
Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінен кейін Қазақстан УЕФА коэффициенттер рейтингінде 37-орынға түсті
29 Янв - 11:56 Футбол
«Қайрат» Чемпиондар лигасындағы дебютін аяқтап, рекордтық табысқа қол жеткізді
29 Янв - 08:52 Футбол
Боранбаев «Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы тарихи маусымын қорытындылады
29 Янв - 03:47 Футбол
«Қайрат» Лондонда «Арсеналға» есе жіберіп, Чемпиондар лигасындағы өнерін аяқтады
28 Янв - 19:11 Футбол
Усман Дембеле Сауд Арабия чемпионатына ауысуы мүмкін
28 Янв - 18:19 Футбол
Талғат Байсуфинов – Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері
28 Янв - 12:20 Футбол
«Қайсар» «Челсидің» бұрынғы қорғаушысымен келіссөздер жүргізіп жатыр
27 Янв - 10:20 Футбол
Виктор Мозестің «Қайсармен» келісімшартының шарттары белгілі болды