«Реал» Чемпиондар лигасындағы 200-жеңісін тойлады

Реал

Реал. Фото: Getty Images

Мадридтік «Реал» Чемпиондар лигасында тарихи межеден өтіп, 200-жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Топтық кезеңнің алғашқы турында «корольдік клуб» өз алаңында Францияның «Марселін» 2:1 есебімен жеңді. Килиан Мбаппе екі пенальтиді мүлт жібермей, дубльдің авторы атанды (28 және 81-минуттар). Қонақтардан Тьерри Веа бір гол соқты. Ал 72-минутта алаң қожайыны Дани Карвахаль қызыл қағаз алып қалды, бірақ мадридтіктер жеңісті уыстан шығарған жоқ.

Осылайша «Реал» ЛЧ-2025 маусымын жеңіспен бастап қана қоймай, Еуропаның ең табысты клубы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Айта кетейік, мадридтіктер бұл турнирде 15 рет жеңімпаз атанған — бұл да абсолютті рекорд.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру