Қытайдағы халықаралық турнирге қазақстандық боксшылар қатысады

vse trenery sbornoj kazahstana po boksu osvobozhdeny ot dolzhnosti bizmedia kz

Қытайда өтетін халықаралық жарысқа Қазақстан ұлттық құрамасының боксшылары аттанып кетті. Бұл додада Өзбекстан мен Куба құрамаларының спортшылары да бақ сынайды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Қазақстан атынан 10 боксшы қатысады. Олардың төртеуі – жастар құрамасының өкілдері. Турнирге әлем боксын өрге сүйреп жүрген үш елдің мықтылары жиналған.

Рингке шығатын спортшылар тізімі: Жасурбек Анарбаев, Сералы Жолмағанбет, Нұржан Амангелді, Бақберген Әлиасқаров, Бекзат Алдамжаров, Асылжан Серікбай, Жандос Қыдыралиев, Ільяр Аширов, Нұрмағанбет Юсупов және Даниял Сапарбай.

Жарыстың жеребесі бүгін тартылды. Алғашқы кездесулер 13 шілдеде басталып, 17 шілдеге дейін жалғасады.

Автор туралы

Айбар Рысдалует

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру