Қазақстанның әйелдер құрамасы Азия чемпионатының қола жүлдесі үшін сынға түседі

6a3b8df63ca38614828811

Қазақстанның әйелдер құрамасы шпагамен семсерлесуден Азия чемпионатының финалына шыға алмады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Жартылай финалда отандастарымыз Оңтүстік Корея құрамасына жол беріп, енді қола медаль үшін күресетін болды.

Нью-Делиде өтіп жатқан құрлық біріншілігі Қазақстан құрамасына бірнеше жүлде сыйлады. Бұған дейін Ирина Бакалдина жеке сында Азия чемпионы атанса, Руслан Курбанов ерлер арасындағы шпага жарысында қола медаль жеңіп алды. Сонымен қатар ерлер құрамасы саблядан қола жүлдеге ие болды, ал шпагадан Қазақстан құрамасы құрлық чемпионы атанды.

Командалық жарыстың жартылай финалында Қазақстан сапында Ирина Бакалдинова, Владислава Андреева және София Николайчук өнер көрсетті. Олар Оңтүстік Корея құрамасына қарсы шықты. Кездесу қорытындысында қазақстандық спортшылар 29:45 есебімен жеңіліп, алтын медаль үшін күресу мүмкіндігінен айырылды.

Енді Қазақстан құрамасы үшінші орын үшін өтетін матчқа қатысады. Қола жүлде жолындағы кездесуде отандастарымыз Қытайдан жеңілген Сингапур құрамасымен күш сынасады. Семсерлесуден Азия чемпионаты 24 маусымда мәресіне жетеді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
02 Окт - 09:10 Басқа
Рита Бакишева Азия ойындарында тарихи қола медаль жеңіп алды
28 Сен - 16:00 Басқа Жеңіл атлетика
Ясмина Тоқсанбаеваның Азия ойындарындағы нәтижесі жарамсыз деп танылды
28 Сен - 15:05 Басқа
Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны US Open-дегі жеңісінен кейін қабылдады
28 Сен - 11:37 Басқа
Қазақстандық мергендер Азия ойындарында тоғызыншы орынға ие болды
28 Сен - 08:30 Басқа
Қазақстан артистік жүзуден Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды
26 Сен - 12:05 Басқа
Қазақстандық гандболшылар Азия ойындарын ірі жеңіспен аяқтады
25 Сен - 13:44 Басқа
Денис Сергиенко Азия ойындарында маунтинбайктен бесінші орын алды
25 Сен - 12:05 Басқа
Ислам Сатпаев Азия ойындарының финалына шықты
25 Сен - 10:45 Басқа
«Барыс» «Нефтехимикке» қарсы матч алдында қатарынан үшінші жеңіске ұмтылмақ
25 Сен - 09:15 Басқа
Мария Бровкова мен Юлиана Киселева Азия ойындарында төртінші орын алды