Арина Соболенко Елена Рыбакинамен бәсекелестігі туралы пікір білдірді
WTA рейтингінде екінші орында тұрған Беларусь теннисшісі Арина Соболенко Қазақстан өкілі Елена Рыбакинамен бәсекелестігі туралы пікір білдірді. Рыбакина мансабында алғаш рет әлемдік рейтингтің көшін бастаған еді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
Қытайдың Ухань қаласында өтетін WTA-1000 турнирі алдындағы баспасөз мәслихатында Соболенко осы маусымда қазақстандық теннисшіден бірнеше рет жеңілсе де, олардың арасындағы бәсекелестіктен ләззат алатынын айтты.
«Маған бұл өте ұнайды. Бұл – салауатты бәсекелестік. Тек екеуміз ғана емес, барлық теннисшілер бір-бірімізді жақсырақ болуға ынталандырамыз деп ойлаймын. Кейде рейтингте төмендейсің, ұпай жоғалтасың немесе финалда жеңілесің. Бірақ дәл осылай тәжірибе жинайсың. Мен үшін бұл маусым ауыр жеңілістерден сабақ алып, оларды дамуға, жаңа мүмкіндіктер іздеуге және қайтадан шыңға оралуға түрткі ретінде пайдаланған кезең болды. Бұл бәсекелестіктен үлкен ләззат аламын», – деді Соболенко.
2026 жылы Рыбакина Australian Open және US Open турнирлерінің финалында Соболенкодан басым түсті. Ал Индиан-Уэллстегі жарыстың шешуші кездесуінде Беларусь өкілі жеңіске жетті.
US Open турнирінен кейін Рыбакина мансабында алғаш рет әлемдік рейтингтің бірінші сатысына көтеріліп, Соболенкодан 99 апта бойы сақталған көшбасшылықты тартып алды.



