Қазақстандық теннисшілер Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева US Open турнирін жеңіспен бастады

Елена Рыбакина

Елена Рыбакина. Фото: пресс-служба ФТК

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында US Open-2025 ірі теннис турнирі басталды.

Қазақстандық Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 10-орын) алғашқы айналымда әлемнің бірінші ракеткасы саналатын америкалық Джульетта Пареханы сенімді жеңді – 6:3, 6:0 есебімен. Екінші айналымда Елена Чехия өкілі Тереза Валентовамен (WTA рейтингінде 96-орын) кездеседі.

US Open турнирінің алғашқы айналымындағы тағы бір кездесуде қазақстандық Юлия Путинцева (WTA рейтингінде 55-орын) Италиядан барған әлемнің 85-ракеткасы Элизабетта Коччареттодан 6:4, 7:6 (7:4) есебімен басым түсті. Енді Путинцева Нью-Йоркте ресейлік Анна Калинскаямен сынға түседі.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру