Қазақстандық хоккейші «Колорадо» лагеріне шақырту алды

Асанали Саркенов

Фото: Getty Images

Қазақстандық шабуылшы Асанәли Саркенов алдағы маусым қарсаңында өтетін NHL-дің даму лагеріне қатысады. Бұл жиынды «Колорадо Эвеланш» клубы ұйымдастырады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Мұндай жиындарға клуб жүйесіндегі жас хоккейшілер, драфттан өткен ойыншылар және басқа лигаларда көзге түскен дарындар шақырылады. Басшылық үшін бұл — болашағы зор спортшыларды бағалау мүмкіндігі, ал хоккейшілер үшін — өздерін көрсетуге берілген үлкен шанс.

18 жастағы Саркенов өткен маусымды Солтүстік Америкада өткізді. Ол WHL-дің «Спокан Чифс» клубында өнер көрсетіп, тұрақты чемпионатта 52 ойында 27 (10+17) ұпай жинады. Плей-оффта тағы 14 (9+5) ұпай еншілеген. Алайда командасы финалда «Медисин-Хат Тайгерске» 1:4 есебімен жол берді.

Бұған дейін NHL орталық скауттық бюросы Саркеновты драфтта 217-нөмірмен таңдалады деп болжаған, бірақ ол тізімге ілікпеді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
17 Янв - 21:50 Хоккей
«Барыс» ҚХЛ матчында ЦСКА-ны өз алаңында жеңді
23 Дек - 22:10 Хоккей
«Барыс» ҚХЛ-дағы матчта «Тракторға» жол берді
08 Дек - 12:00 Хоккей
«Горняк» шабуылшысы Ресей азаматтығынан бас тартып, Қазақстан паспортын алды
28 Ноя - 12:02 Хоккей
Қазақстан жастар хоккей құрамасы әлем чемпионатына дайындықты жалғастыру үшін Словенияға жол тартады
23 Ноя - 15:32 Хоккей
Қазақстан хоккейшілері Жапонияны жеңіп, Азия чемпионы атағын сақтап қалды
18 Ноя - 09:12 Хоккей
Талғат Жайлауов Қазақстан хоккей құрамасының бас бапкері болып тағайындалды
12 Ноя - 15:24 Хоккей
«Сарыарқа» командасының бұрынғы қақпашысы Альберт Коваль мансабын Түркияда жалғастырады
04 Ноя - 14:39 Хоккей
Шайбалы хоккейден Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасы белгілі болды
17 Окт - 14:09 Хоккей
Өскеменде хоккейден әйелдер арасындағы Азия чемпионаты өтеді
18 Авг - 17:39 Хоккей
«Барыс» америкалық қорғаушыны қатарға қосты