«Әл-Хилял» «Манчестер Ситиді» жарыс жолынан тайдырды

Аль-Хиляль

Фото: Getty Images

Клубтар арасындағы әлем чемпионатының 1/8 финалында «Манчестер Сити» командасы күтпеген жерден Сауд Арабиясының «Әл-Хиляліне» есе жіберді — матч 3:4 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Pin-Upsport.kz.

Ойынның негізгі бөлігі 2:2 есебімен тең аяқталды. Англия чемпионы сапынан Бернарду Силва мен Эрлинг Холанд көзге түссе, «Аль-Хиляльдің» атынан Маркос Леонардо мен Малком гол соқты.

Қосымша уақытта Калиду Кулибали есепті өзгертіп, арабтар алға шықты. Алайда Фил Фоден таразы басын қайта теңестірді. Дегенмен шешуші сәт Маркос Леонардоның еншісінде қалды — ол 112-минутта жеңіс добын соқты.

Осылайша, келесі кезеңде «Әл-Хилял» Бразилияның «Флуминенсе» клубымен кездеседі.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Окт - 16:30 Футбол
КФФ «Актобе» мен «Ордабасы» арасындағы матчтан кейін жаза қолданды
20 Окт - 15:15 Футбол
Ресей мен Өзбекстан құрамалары жолдастық матч өткізеді
20 Окт - 14:30 Футбол
«Бавария» – «Арсенал»: Мюнхендегі матчты қайдан көруге болады
20 Окт - 13:57 Футбол
Тен Хаг «Манчестер Юнайтедтегі» Роналдумен арадағы келіспеушілік туралы айтты
20 Окт - 13:05 Басқа Футбол
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеуді Беларусьпен матчтан бастайды
20 Окт - 10:00 Футбол
«Барселона» Швейцария құрамасының үш гол соққан жартылай қорғаушысына көз тікті
19 Окт - 11:30 Футбол
Бекбаев «Ордабасының» жеңісіне баға беріп, чемпиондық жарыстағы маңызын атап өтті
19 Окт - 10:00 Футбол
«Реал» Моуриньюдің орнына Дешамды қарастырып отыр
16 Окт - 13:15 Футбол
«Рига» жеңіске жақын болды: латвиялық клубтың бапкері «Қайратқа» қарсы ойын туралы айтты
16 Окт - 11:20 Футбол
Уразбахтин «Қайраттың» Ригадағы нәтижесіне баға берді