Қазақстандық хоккейші АҚШ клубына ауысты

Максим Павленко

Фото: Getty Images

Қазақстан құрамасының қақпашысы Максим Павленко хоккейдегі мансабын Солтүстік Америкада жалғастырады. 22 жастағы голкипер AHL-дегі «Уилкс-Барре/Скрантон Пингвинз» клубымен келісімшартқа отырды. Бұл команда әйгілі «Питтсбург Пингвинздің» фарм-клубы саналады.

Жақында өткен әлем чемпионатында Павленко Қазақстан қақпасын жеті ойында да қорғап, 88,1 пайыздық көрсеткішке қол жеткізген еді. Оның сенімді ойыны халықаралық деңгейде де назарсыз қалған жоқ.

2024/25 жылғы маусымда Максим Ресейдің «Рязань-ВДВ» клубы сапында ойнаған. ВХЛ аясында жеті матч өткізіп, қақпаға бағытталған соққылардың 90,1 пайызын қайтара білді. Енді Павленко үшін НХЛ жүйесі – жаңа сынақ пен үлкен мүмкіндік болмақ.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
17 Янв - 21:50 Хоккей
«Барыс» ҚХЛ матчында ЦСКА-ны өз алаңында жеңді
23 Дек - 22:10 Хоккей
«Барыс» ҚХЛ-дағы матчта «Тракторға» жол берді
08 Дек - 12:00 Хоккей
«Горняк» шабуылшысы Ресей азаматтығынан бас тартып, Қазақстан паспортын алды
28 Ноя - 12:02 Хоккей
Қазақстан жастар хоккей құрамасы әлем чемпионатына дайындықты жалғастыру үшін Словенияға жол тартады
23 Ноя - 15:32 Хоккей
Қазақстан хоккейшілері Жапонияны жеңіп, Азия чемпионы атағын сақтап қалды
18 Ноя - 09:12 Хоккей
Талғат Жайлауов Қазақстан хоккей құрамасының бас бапкері болып тағайындалды
12 Ноя - 15:24 Хоккей
«Сарыарқа» командасының бұрынғы қақпашысы Альберт Коваль мансабын Түркияда жалғастырады
04 Ноя - 14:39 Хоккей
Шайбалы хоккейден Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасы белгілі болды
17 Окт - 14:09 Хоккей
Өскеменде хоккейден әйелдер арасындағы Азия чемпионаты өтеді
18 Авг - 17:39 Хоккей
«Барыс» америкалық қорғаушыны қатарға қосты