Қазақстандық екі спортшы ММА-дан Азия ойындарының финалына шықты
Қазақстандық спортшылар Қадырбек Шынбаев пен Еркинғали Бүркіталин Аичи-Нагоеде өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарындағы аралас жекпе-жек турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
71 келіге дейінгі салмақта заманауи стильде өнер көрсеткен Қадырбек Шынбаев жартылай финалда Өзбекстан өкілі Нодирбек Шавкатовты жеңді. Ал Еркинғали Бүркіталин дәстүрлі стильдегі 77 келіге дейінгі салмақта финалға шықты. Ол жартылай финалда Филиппин өкілі Карлос Альваресті ұтты.
Бұған дейін Санжар Әділов дәстүрлі стильдегі 65 келіге дейінгі салмақта қола медаль иеленген еді. Осылайша, ММА Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет енген турнирде Қазақстан құрамасы кем дегенде үш жүлдеге кепілдік берді.
Аичи-Нагоеде өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады.


