Қазақстандық боксшылар WBA рейтингіндегі орындарын сақтап қалды

Бек Нурмаганбет

Бек Нурмаганбет Фото: Getty Images

Шілде айының қорытындысы бойынша WBA жаңартылған рейтинг тізімін жариялады. Қазақстандық бірқатар былғары қолғап шеберлері өз салмақтарындағы орындарын сақтап қалды немесе жаңа позицияға жайғасты, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Екінші орта салмақта өнер көрсететін Бек Нұрмағанбет 9-орыннан 11-сатыға төмендеді. Жартылай орта салмақ дәрежесінде Руслан Мәдіев рейтингке қайта оралып, 13-орынға тұрақтады. Ол WBA Asia белбеуінің иегері. Бірінші жартылай орта салмақта Батыр Жүкембаев 14-орынды сақтап қалды. Ал дәл осы салмақта WBA Gold титулы бар Жанқош Тұраров алғашқы он бестікке кірмеді.

Екінші жеңіл салмақта Сұлтан Заурбек әлі де рейтингтегі 2-орында. Бұл дивизионда көш бастап тұрған – ресейлік Эльнұр Самедов. Әлем чемпионы атағы америкалық Лэймонт Роуч-джуниорға тиесілі. Ал Ельшат Нығметолла (жеңіл салмақ) 9-орынды сақтап қалды. Ол да – WBA Asia белбеуінің иегері.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
06 Дек - 18:35 Бокс
«Қазақ Титаны» қайта жарылды: Бангкокте алғашқы раундта нокаут
05 Дек - 19:39 Бокс
Қазақстан кәсіби бокс федерациясы VADA-дан Жәнібек Әлімханұлына қатысты толық құжаттарды талап етті
05 Дек - 17:24 Бокс
2023 жылғы әлем чемпионатының финалисі Дулат Бекбауов екі жылға жарыстардан шеттетілді
05 Дек - 15:37 Бокс
Кроуфорд Канеломен реваншқа шығудың өз шарттарын атады
05 Дек - 12:30 Бокс
Тарихта қалды: Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына енді
05 Дек - 10:06 Бокс
Жәнібек Әлімханұлы допинг-тестен мельдоний анықталғаннан кейін «B» үлгісін ашуды талап етті
04 Дек - 17:34 Бокс
Ангелина Лукас Дубайда өткен жекпе-жекте WBF чемпионы атанды
04 Дек - 13:43 Бокс
WBC Карлос Адаместің Мейірім Нұрсұлтановқа қарсы титулды қорғауын міндеттеді
04 Дек - 10:02 Бокс
Лара Әлімханұлының допинг дауына алғаш рет қатаң пікір білдірді
03 Дек - 17:20 Бокс
Жәнібек Әлімханұлының командасы Ларамен жекпе-жектің тоқтатылуына қатысты пікір білдірді