Қазақстанда ең танымал спорт түрі белгілі болды

Футбольный болельщик

Футбольный болельщик. Фото: FIFA via Getty Images

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі 2024 жылдың қорытындысы бойынша еліміздегі ең танымал спорт түрлерінің тізімін жариялады. Бұл деректер халықтың бұқаралық және ұйымдасқан спортқа қатысу көрсеткіштерін қамтиды.

Көш басында футбол тұр – қазір Қазақстанда 1 113 299 адам футболмен айналысады. Оның ішінде жартысынан көбі ауылдық жерлерде тұрады. Бұл футболдың еліміздің түкпір-түкпірінде қолжетімді әрі кең таралған спорт екенін көрсетеді.

Екінші орында – волейбол (767 580 адам), одан кейін баскетбол (541 819), футзал (368 349), жеңіл атлетика (347 654), шахмат (278 101), үстел теннисі (262 835), дойбы (213 490), тоғызқұмалақ (202 217) және қазақ күресі (160 399) тұр.

Министрлік халықтың дәстүрлі де, заманауи да спорт түрлеріне қызығушылығы артқанын атап өтті. Алдағы уақытта бұқаралық спортты дамыту мен өңірлерде спорттық инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары жалғаса береді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
08 Мар - 00:34 Футбол
ҚПЛ-2026 маусымы басталды: алғашқы ойын күнінде 12 гол соғылды
07 Мар - 23:26 Күрес
Әділет Алмат Линцтегі дзюдодан Гран-при турнирінде алтын медаль жеңіп алды
07 Мар - 21:03 Басқа
Монреальдағы әлем чемпионатына Қазақстан құрамасының құрамы жарияланды
07 Мар - 20:21 Футбол
Луиш Нани «Ақтөбе» сапында Қазақстан чемпионатында дебют жасап, нәтижелі пас берді
07 Мар - 19:53 Басқа
Асылхан Асан фристайл-акробатикадан Еуропа кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды
07 Мар - 17:35 Басқа
Надежда Морозова конькимен жүгіруден әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды
07 Мар - 16:00 Бокс
Сұлтан Заурбек WBO рейтингінің үздік 15 боксшысы қатарынан шығып қалды
07 Мар - 14:52 Басқа
Милад Карими Бакудегі әлем кубогы кезеңінде күміс медаль жеңіп алды
07 Мар - 13:05 ММА
Закир Найманбаев Power Slap лигасында үшінші жеңісіне жетті
07 Мар - 11:34 Футбол
«Реал» Юрген Клоппты болашақ бас бапкер ретінде қарастыруы мүмкін