Қазақстан жастар арасындағы Азия чемпионатында алғаш рет алтын жеңіп алды

волейбол

Фото: НОК РК

Таиландтың Ройет қаласында жастар арасындағы жағажай волейболынан Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Pin-Upsport.kz.

Қазақстандық Клим Рюхов пен Владислав Мастихин тарихи жеңіске қол жеткізіп, ел қоржынына алтын медаль салды.

Финалда жерлестеріміз Қытайдың бірінші құрамасын 2:0 есебімен (21:19, 21:16) тізе бүктірді. Бұл жұп турнир бойы сенімді өнер көрсетіп, шешуші кездесуде де өз артықшылығын дәлелдей білді.

Айта кетерлігі, бұл – Қазақстан үшін жастар арасындағы Азия чемпионатындағы алғашқы алтын жүлде. Бұған дейін біздің спортшылар тек күміс пен қоламен шектеліп келген еді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
27 Окт - 16:00 Басқа
Қазақстан құрамасының Дакардағы жасөспірімдер Олимпиадасына қатысатын құрамы жарияланды
21 Окт - 10:30 Басқа
Қазақстандық садақшылар Азия Пара ойындарында күміс медаль жеңіп алды
21 Окт - 09:05 Басқа
Ислам Салимов Азия Пара ойындарында күміс медаль жеңіп алды
21 Окт - 08:30 Басқа
Махамбет Серікқалиев Азия Пара ойындарында қола медаль жеңіп алды
20 Окт - 13:05 Басқа Футбол
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеуді Беларусьпен матчтан бастайды
20 Окт - 12:00 Басқа
Биржан Оразов: Қазақстан құрамасының мақсаты – іріктеу тобында бірінші орын алу
20 Окт - 11:20 Басқа
Севда Әлиева Азия Пара ойындарында үздік алтылыққа енді
20 Окт - 10:49 Басқа
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Budapest Trophy додасында жүлдесіз қалды
20 Окт - 09:15 Басқа
Қазақстан пара үстел теннисінен Азия Пара ойындарындағы алғашқы медальдарын алды
20 Окт - 08:20 Басқа
Гүлім Құрманбаева Азия Пара ойындарында жүлдеге сәл жетпей қалды