Қазақстан құрамасының шабуылшысы үш жылға хоккейден шеттетілді

Алексей Зубов
Өскеменнің «Торпедо» клубы мен Қазақстан құрамасының шабуылшысы Алексей Зубов үш жылға спорттан шеттетілді. Ол 2027 жылдың 10 желтоқсанына дейін хоккейге орала алмайды.
Бұл туралы «Дядя Ваня» Telegram арнасы Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) қабылдаған шешімге сілтеме жасап хабарлады.
Спортшының шеттетілуіне Азия чемпионатында алынған допинг сынамасы себеп болған. Сараптама нәтижесінде оның ағзасынан оралтуринабол табылған. Бұл – метандростенолонға ұқсас әсері мен химиялық құрылымы бар анаболикалық стероид. Зубовтың өзі тыйым салынған препараттың қалай ағзасына түскенін білмейтінін айтты.
27 жастағы хоккейші биылғы маусымда Қазақстан чемпионатының тұрақты біріншілігінде 22 ойын өткізіп, 18 (3+15) ұпай жинаған.