Қазақстан құрамасы FIFA Series турнирінде топ жеңімпазы атанды

69cc2a5ca1c0f 1

Қазақстанның футболдан ұлттық құрамасы FIFA Series турниріндегі екінші матчта Комор аралдары құрамасын жеңіп, өз тобында бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Кездесу 31 наурыз күні Астанада өтті.

Матч 1:0 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына аяқталды. Жеңіс голын жартылай қорғаушы Рамазан Оразов соғып, командасына жеңіс сыйлады.

Мини-турнир қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы алты ұпай жинап, 4-топта бірінші орын алды. Намибия құрамасы екі ұпаймен екінші орынға тұрақтаса, Комор аралдары бір ұпаймен соңғы орында қалды.

Айта кетейік, турнирдің алғашқы матчында Қазақстан құрамасы Намибияны 2:0 есебімен жеңген болатын.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру