Қазақстан әлем чемпионатының элиталық дивизионына шықты

Сборная Казахстана по хоккею

Фото: City-Press via Getty Images

Қазақстан хоккей құрамасы IA дивизионындағы 2026 жылғы әлем чемпионатында Украина құрамасын жеңді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Польшадағы Сосновец қаласында өткен матч буллит сериясынан кейін 5:4 есебімен аяқталды.

Негізгі уақытта командалар 4:4 есебімен тең түсті. Қазақстан сапында Всеволод Логвин, Кирилл Ляпунов, Роман Старченко және Батырлан Мұратов шайба соқты. Овертаймда жеңімпаз анықталмады, ал буллитте шешуші дәл соққыны Мұратов жасады.

Осы жеңістің арқасында Қазақстан құрамасы мерзімінен бұрын әлем чемпионатының элиталық дивизионына жолдама алды. Турнир ережесіне сәйкес, IA дивизионынан үздік екі команда жоғары дивизионға көтеріледі.

Төрт ойыннан кейін Қазақстан құрамасының еншісінде 11 ұпай бар және команда турнир кестесінде бірінші орында тұр. Украина құрамасы төрт матчтан кейін жеті ұпай жинады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру