Қамшыбек Қоңқабаев кәсіби боксқа қайта оралуы мүмкін

Камшыбек Кункабаев

Бокстан Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны Қамшыбек Қоңқабаев кәсіби рингке қайта оралуға дайындалып жүр, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Бұл ақпаратты Қазақстан кәсіби бокс федерациясының президенті Рахымжан Ерденбеков Aqyrys Seitqazy YouTube арнасына берген сұхбатында растады. Федерация басшысының айтуынша, Париж Олимпиадасынан кейін үзіліс алған тәжірибелі спортшыға қазіргі таңда бірқатар нақты әрі мазмұнды ұсыныстар түсіп жатыр.

«Әуесқой бокстан ұлттық құрамада болған спортшылардан Қамшыбек кәсіби боксты жалғастырады. Бүгінде оған қызықты ұсыныстар түсіп жатыр. Қамшыбек бауырымыз Париж Олимпиадасынан кейін үзіліс алған болатын.

Қазіргі құрамадағы боксшылар ішінен Сәкен Бибосыновтың аяқ алысы жақсы. Сәкен кәдімгідей төселіп қалды, алға баса берсін», —  деді Ерденбеков.

Қамшыбек Қоңқабаев ұзақ жылдар бойы әуесқой бокста Қазақстан ұлттық құрамасының негізгі тіректерінің бірі болды. Ол халықаралық жарыстарда ел намысын қорғап, Азия және әлемдік деңгейдегі турнирлерде тұрақты түрде жүлде үшін күрескен боксшылардың қатарында болды. Олимпиадалық цикл аяқталғаннан кейін Қоңқабаев белгілі бір уақыт демалыс алып, мансабын ары қарай қалай жалғастыратынын ой елегінен өткізді. Осы кезеңде кәсіби бокстан оған деген қызығушылық бәсеңдеген жоқ, керісінше қайта жандана түсті.

Рахымжан Ерденбековтің сөзінше, Қоңқабаав әуесқой бокстан кәсіби бағытқа нақты бет бұруға дайын санаулы спортшылардың бірі саналады. Айта кету керек, ол 2020–2022 жылдар аралығында кәсіби рингте өнер көрсетіп, бұл форматта өзін сынап көрген болатын. Сол уақыттағы тәжірибе бүгінгі таңда оның мүмкіндігін кеңейтіп, жаңа келіссөздерге жол ашып отыр. Сонымен қатар федерация президенті қазіргі ұлттық құраманың өзге мүшелеріне де тоқталып, Сәкен Бибосыновтың даму қарқынын оң бағалады.

Алдағы уақытта Қамшыбек Қоңқабаавтың кәсіби бокстағы болашағы нақты айқындалуы тиіс. Қай промоутермен келісім жасалатыны және алғашқы жекпе-жек қашан өтетіні әзірге белгісіз. Дегенмен федерация тарапынан оның мансабын кәсіби арнада жалғастыруға барлық мүмкіндік қарастырылып отырғаны атап өтілді. Бұл қадам қазақстандық бокс үшін де маңызды оқиғалардың бірі болуы мүмкін.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
29 Янв - 13:22 Бокс
Өзбекстанның этникалық қазағы енді Қазақстан намысын қорғайды
28 Янв - 20:05 Бокс
Қамшыбек Қоңқабаев кәсіби боксқа қайта оралуы мүмкін
24 Янв - 12:33 Бокс
Айдос Медет АҚШ-та өткен жекпе-жекте кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады
23 Янв - 08:33 Бокс
Айдос Медет АҚШ-та кәсіби мансабын жалғастырады
20 Янв - 19:43 Бокс
Жәнібек Әлімханұлының B сынамасы допингтің барын растады
20 Янв - 17:14 Бокс
Мейірім Нұрсұлтанов WBC рейтингінің көшін бастап тұр, алайда чемпиондық жекпе-жек әлі өтпеді
17 Янв - 18:01 Бокс
ESPN салмақ дәрежесіне қарамастан әлемдегі үздік боксшылар рейтингін жаңартты
13 Янв - 15:45 Бокс
Қазақстандық боксшы кәсіби спорттағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді
13 Янв - 13:22 Бокс
Райан Гарсия WBC чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді
13 Янв - 09:55 Бокс
Қайрат Сәтжановтың қызы әкесінің қызметтен кетуіне қатысты пікір білдірді