Қайта құрудың соңы неге апарды? «Барыстың» басшысы қызметінен кетті

Нурлан Оразбаев

Нурлан Оразбаев. Фото: baigenews.kz

Астаналық «Барыс» хоккей клубының бас директоры Нұрлан Оразбаев қызметінен кетті. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады.

Оразбаев бұл қызметке 2024 жылдың күзіне тағайындалған еді. Оның кезінде бірқатар даулы шешім қабылданды: Солтүстік Американың барлық легионерлерімен келісімшарт бұзылды, бұл үшін жүздеген миллион теңге өтемақы төленді. Сонымен қатар, «Барыстың» жасөспірім командалары Ресей чемпионатын аяқтамайтыны жөнінде мәлімдеме жасалған. Бұл шешім кейін Мәдениет және спорт министрлігінің араласуымен кері қайтарылды.

Оразбаев басқарған маусым клуб тарихындағы ең сәтсіз кезең болды – команда 68 матчта небәрі 35 ұпай жинап, КХЛ-дегі ең әлсіз нәтижені көрсетті.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
17 Янв - 21:50 Хоккей
«Барыс» ҚХЛ матчында ЦСКА-ны өз алаңында жеңді
23 Дек - 22:10 Хоккей
«Барыс» ҚХЛ-дағы матчта «Тракторға» жол берді
08 Дек - 12:00 Хоккей
«Горняк» шабуылшысы Ресей азаматтығынан бас тартып, Қазақстан паспортын алды
28 Ноя - 12:02 Хоккей
Қазақстан жастар хоккей құрамасы әлем чемпионатына дайындықты жалғастыру үшін Словенияға жол тартады
23 Ноя - 15:32 Хоккей
Қазақстан хоккейшілері Жапонияны жеңіп, Азия чемпионы атағын сақтап қалды
18 Ноя - 09:12 Хоккей
Талғат Жайлауов Қазақстан хоккей құрамасының бас бапкері болып тағайындалды
12 Ноя - 15:24 Хоккей
«Сарыарқа» командасының бұрынғы қақпашысы Альберт Коваль мансабын Түркияда жалғастырады
04 Ноя - 14:39 Хоккей
Шайбалы хоккейден Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасы белгілі болды
17 Окт - 14:09 Хоккей
Өскеменде хоккейден әйелдер арасындағы Азия чемпионаты өтеді
18 Авг - 17:39 Хоккей
«Барыс» америкалық қорғаушыны қатарға қосты