«Қайраттың» жетістігі Қазақстанның УЕФА рейтингін жақсартты

Кайрат

Фото: Getty Images

Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі «Қайраттың» нәтижелері Қазақстанның УЕФА коэффициенттер кестесіндегі орнын жоғарылатты, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

20 тамыздағы жаңартылған көрсеткіш бойынша Қазақстан қоржынына 0,125 ұпай қосып, жалпы 11,875 ұпаймен 38-орынға көтерілді. Осылайша, біздің ел Косоводан озып түсті. Бұған дейін «Астана», «Ақтөбе» және «Ордабасының» еурокубоктағы сәтсіздіктерінен кейін Қазақстан 39-сатыға түскен еді, ал одан бұрын 37-орында болған.

Айта кетейік, плей-оффтың алғашқы ойынында «Қайрат» Глазгодағы «Селтикке» қарсы кездесуді 0:0 есебімен аяқтады. Алматыдағы жауапты матч 26 тамызда өтіп, команда тағдырын сол ойын шешпек.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру