«Қайраттың» келесі қарсыласы – Финляндия чемпионы

ФК Кайрат

Фото: ФК Кайрат

Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде Финляндия чемпионы «КуПС» клубымен кездеседі, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Финдер бірінші кезеңде Молдованың «Милсамиден» басым түсті: өз алаңында 1:0 есебімен жеңіп, сырт алаңда 0:0 есебімен тең ойнады. Осы нәтижелердің арқасында келесі кезеңге жолдама алды.

Бұл жекпе-жек тарихи болмақ – «Қайрат» алғаш рет фин клубымен ресми матч өткізеді. Бірінші ойын 23 шілдеде сырт алаңда өтсе, қарымта кездесу 30 шілдеде Алматыда болады.

Бұған дейінгі кезеңде алматылықтар Словенияның «Олимпиясынан» айласын асырып, сырт алаңда 1:1, өз алаңында 2:0 есебімен жеңіске жеткен. Гол авторлары – Дастан Сатпаев, Жоржиньо және Александр Мрынский.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру