«Қайрат» тізгінін бразилиялық бапкер ұстады

Даниэл Жуниор

Фото: Ventura Sports

Бразилиялық маман Даниэл Жуниор «Қайрат» клубының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Ол Санта-Катарина штатының Тубарау қаласында туған. Ойыншы ретінде мансабын «Унисул» клубында бастап, 2006 жылы аяқтаған соң осы командада жаттықтырушы көмекшісі болды. Кейін «Ульбра» клубында ассистент қызметін атқарды.

2009 жылдан бастап Жуниор «АБК», «Шашьенсе», «Мафра», «Капивари» және «Жоинвилле» секілді Бразилия командаларын басқарды. Оның қол астындағы клубтар Санта-Катарина мен Парана штаттарының чемпионаттарында жүлделі орындарға ие болып, ұлттық турнирлер мен Бразилия жастар кубогын жеңіп алды.

Сонымен қатар ол Бразилияның жасөспірімдер құрамаларын жаттықтырып, Оңтүстік Америка чемпионаты мен Жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды. Айта кетейік, маусым айының басында «Қайрат» бас бапкері қызметінен 2023 жылдан бері командада жұмыс істеген испандық Марлон Веласко кеткен еді.

Автор туралы

Айбар Рысдалует

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру