«Қайрат» ҚПЛ-дің орталық матчында «Астананы» ірі есеппен жеңді

Фото: Arsenal FC
Алматының «Қайрат» клубы Қазақстан Премьер-лигасының төртінші турындағы орталық ойында «Астананы» 4:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Кездесу «Орталық» стадионында өтіп, матчты Орал қаласынан келген төреші Денис Тевяшов бастаған төрешілер бригадасы жүргізді.
Командалардың бастапқы құрамдары: «Қайрат» — Анарбеков, Кургин, Мартынович, Африко, Мрынский, Оксанен, Юккола, Садыбеков, Сатпаев, Эдмилсон, Жоржиньо; «Астана» — Сейсен, Вороговский, Касым, Шомко, Бартолец, Башич, Караман, Исламхан, Абраев, Томасов, Басманов.
Есеп 10-минутта Жоржиньоның голымен ашылды. 22-минутта Дастан Сатпаев айырмашылықты ұлғайтты. 41-минутта Жоржиньо дубль авторы атанса, бірінші таймға қосылған уақытта Александр Мартынович төртінші голды соқты. Екінші таймда «Астана» ойынды теңестіргенімен, есеп өзгерген жоқ.
Осы жеңістен кейін «Қайрат» 10 ұпаймен турнирлік кестеде бірінші орынға көтерілді, ал «Астана» 7 ұпаймен көшбасшылар үштігінен шығып қалды.
Карлос Алькарас сүйікті футболшыларын атады
Transfermarkt әлемдегі ең қымбат қақпашылар рейтингін жаңартты
