«Қайрат» өз алаңында «Қызылжардан» басым түсті

ФК Кайрат

Фото: ФК Кайрат

Алматының «Қайрат» командасы ел біріншілігінің 13-турында өз алаңында «Қызылжардан» басым түсті, деп хабарлайды Pin-Upsport.kz.

Ойын Алматыдағы Орталық стадионда өтіп, алаң иелері 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Жалғыз голдың авторы – Валерий Громыко. Ол 74-минутта есеп ашты. Айта кетейік, «Қызылжар» 31-минуттан бастап бір ойыншымен кем өнер көрсетті. Себебі Тоқтар Жаңғылышбай қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.

Ойынды елордалық төреші Саят Қарабаев басқарды. VAR жүйесінде Айдын Тасыбаев жұмыс істеді. Кездесу Алматы жанкүйерлерінің қызу қолдауы аясында өтті.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру