«Қайрат» өз алаңында «Елімайдан» жеңіліп қалды

Елимай Кайрат

Фото: ФК Кайрат

Қазақстан Премьер-лигасының 21-турындағы басты ойында «Қайрат» өз алаңында «Елімайға» 2:3 есебімен жол берді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Ойын басында алматылықтар басымдық танытып, екі гол соқты. Екі доптың да авторы – Эдмилсон, оған Валерий Громыко ассист берді. Дегенмен үзіліске дейін Иван Свиридов есепті қысқартты. Екінші таймда бастаманы қолға алған қонақтар нәтижелі ойын көрсетті: Фессу Плакка таразы басын теңестіріп, кейін жеңіс добын соғып, дубль авторы атанды.

Бұл жеңілістен кейін де «Қайрат» 43 ұпаймен көш бастап тұр. Ал «Елімай» 35 ұпай жинап, турнир кестесінде төртінші орынға көтерілді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру