ПСЖ тарихында алғаш рет УЕФА Суперкубогын жеңіп алды

ПСЖ

ПСЖ. Фото: Getty Images

Париждің «ПСЖ» клубы УЕФА Суперкубогы үшін өткен ойында Лондонның «Тоттенхэмін» тізе бүктірді. Негізгі уақыт 2:2 есебімен аяқталып, пенальти сериясында француздар 4:3 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Италияның Удине қаласында өткен кездесуде есепті 39-минутта «Тоттенхэм» қорғаушысы Мики ван де Вен ашты. Үзілістен кейін Кристиан Ромеро айырманы ұлғайтты. 85-минутта Кан Ин Ли бір гол соғып, 90+4-минутта Гонсалу Рамуш таразы басын теңестірді. Пенальтиде «ПСЖ» мергендігімен көзге түсті.

Бұл ойында париждіктердің қақпасын командаға жаңадан қосылған Люк Шевалье қорғады. Ал ресейлік қақпашы Матвей Сафонов алаңға шыққан жоқ. «ПСЖ» Суперкубокқа Чемпиондар лигасының 2024/25 жылғы жеңімпазы ретінде қатысты, ал «Тоттенхэм» Еуропа лигасының иегері ретінде өнер көрсетті. Француз клубы бұл трофейді тарихында алғаш рет иеленді. Бұған дейін, 1996 жылы, олар «Ювентуске» жалпы есеппен жол берген еді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
30 Янв - 08:06 Футбол
Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне шыққан барлық командалар анықталды
29 Янв - 20:58 Футбол
Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі үздік үш ойыншының қатарына енді
29 Янв - 15:03 Футбол
Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінен кейін Қазақстан УЕФА коэффициенттер рейтингінде 37-орынға түсті
29 Янв - 11:56 Футбол
«Қайрат» Чемпиондар лигасындағы дебютін аяқтап, рекордтық табысқа қол жеткізді
29 Янв - 08:52 Футбол
Боранбаев «Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы тарихи маусымын қорытындылады
29 Янв - 03:47 Футбол
«Қайрат» Лондонда «Арсеналға» есе жіберіп, Чемпиондар лигасындағы өнерін аяқтады
28 Янв - 19:11 Футбол
Усман Дембеле Сауд Арабия чемпионатына ауысуы мүмкін
28 Янв - 18:19 Футбол
Талғат Байсуфинов – Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері
28 Янв - 12:20 Футбол
«Қайсар» «Челсидің» бұрынғы қорғаушысымен келіссөздер жүргізіп жатыр
27 Янв - 10:20 Футбол
Виктор Мозестің «Қайсармен» келісімшартының шарттары белгілі болды