PGL Astana 2025 турнирінің финалына кімдер шықты?

Team Spirit

Team Spirit. Фото: HLTV

Team Spirit ұжымы Астанада өтіп жатқан беделді PGL Astana 2025 турнирінің финалына жолдама алды. Жартылай финалда ресейлік команда Леонид chopper Вишняковтың басшылығымен бразилиялық FURIA-ны 2:1 есебімен ұтты (Train – 7:13, Nuke – 13:9, Mirage – 13:7).

Екінші жартылай финалда Данияның Astralis командасы күтпеген жерден түркиялық Aurora Gaming құрамасынан басым түсіп, финалға шықты.

Шешуші кездесу 18 мамыр күні Астанадағы «Барыс Аренада» өтеді. Team Spirit пен Astralis чемпион атағы мен 200 мың АҚШ долларын сарапқа салады.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдалует

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру