Чехиядан ауыр соққы: Қазақстан құрамасы 1:8 есебімен ұтылды

Чемпионат мира по хоккею 2025 года

Чемпионат мира по хоккею 2025 года. Фото: Getty Images

Хоккейден 2025 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Чехиядан ойсырай жеңілді. Қарсыластар есепті ойын басталысымен-ақ ашып, матч бойы үстемдік танытты — қорытынды есеп 1:8.

Бірінші шайбаны Матей Странски 6-минутта соқты. Екінші кезеңде чехтар қарқын қосып, үш бірдей голмен жауап берді. Странски дубль жасап, Якуб Флек пен Роман Червенка мергендігімен көзге түсті — 0:4.

Үшінші кезеңде Червенка хет-трик авторы атанып, Адам Клапка екі голмен ерекшеленді. Қазақстан сапынан жалғыз голды Вячеслав Колесников соғып, есепті 1:8-ге жеткізді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру