Павел Колмаков Олимпиада-2026 жарысын аяқтады

Фото: НОК РК
Қазақстан ерлер құрамасының фристайл-могулдан көшбасшысы Павел Колмаков Италияда өткен қысқы Олимпиада-2026 ойындарындағы өнерін аяқтады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
Қазақстандық спортшы параллель могул бағдарламасында бақ сынады.
1/16 финалда Колмаков Франция өкілі Артур де Вилокурмен кездесті. Қазақстандық могулшы сенімді нәтиже көрсетіп, келесі кезеңге өтті.
1/8 финалда оның қарсыласы Олимпиада чемпионы және Олимпиаданың үш дүркін жүлдегері канадалық Микаэль Кингсбери болды. Ширек финалға жолдама беретін заездте канадалық спортшы басым түсті.
Осы нәтижеден кейін Павел Колмаковтың өнер көрсетуі аяқталып, Қазақстанның фристайл-могулдан ерлер құрамасы Олимпиада-2026 ойындарындағы жарысын тәмамдады.



