Парижді бағындырған түн: ПСЖ Чемпиондар лигасын жеңіп алды

ПСЖ

Фото: Getty Images

31 мамырдан 1 маусымға қараған түні Мюнхендегі «Альянц Аренада» Чемпиондар лигасының финалы өтті. Бұл ойында Францияның «Пари Сен-Жермені» мен Италияның «Интері» күш сынасып, париждіктер 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетті.

ПСЖ ойынды сенімді түрде бастап, бірінші таймда-ақ екі гол соғып үлгерді. Алдымен 12-минутта Ашраф Хакими есеп ашса, артынша жас жартылай қорғаушы Дезире Дуэ мергендік танытты. Екінші таймда да ойын тағдырын өзгертетіндей сәттер болған жоқ – Дуэ дубль авторы атанды, ал Хвича Кварацхелия мен Сенни Маюлу қалған екі голды соқты.

Осылайша, «ПСЖ» тарихта алғаш рет Чемпиондар лигасын ұтып, бір маусымда үш бірдей ірі турнирде топ жарды – Франция чемпионаты, Кубогы және Еуропа. Бұл матчты румын төрешісі Иштван Ковач басқарды. Ойын барысында жалпы саны алты футболшы ескерту алды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Янв - 22:20 Футбол
«Қайрат» Чемпиондар лигасында «Брюггеге» ірі есеппен жол берді
20 Янв - 15:19 Футбол
«Реал» Винисиустың қысқы трансферде кетпейтінін мәлімдеді
20 Янв - 08:25 Футбол
Қазақстан құрамасы FIFA Series 2026 турнирінде Намибия, Комор аралдары және Кувейтпен ойнайды
19 Янв - 10:00 Футбол
«Ақтөбе» Миралем Пьяничтің ауысымы бойынша келісімге келді
19 Янв - 08:29 Футбол
Сенегал құрамасы Кубок Африка турнирінің чемпионы атанды
18 Янв - 13:00 Футбол
Нани «Ақтөбе» клубына ауысуға жақын
18 Янв - 09:25 Футбол
Ислам Чесноков дебют жасаған матчта «Хартс» Кубок Шотландиясынан шығып қалды
17 Янв - 20:21 Футбол
Килиан Мбаппе Испания чемпионатында жаңа мергендік рекорд орнатты
17 Янв - 16:00 Футбол
Криштиану Роналду 2025 жылдың ең жоғары табыс тапқан спортшысы атанды
17 Янв - 13:05 Футбол
Александр Меркель алғаш рет Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсетеді