Пакьяо 2026 жылы қайта шаршы алаңға оралады

Мэнни Пакьяо

Фото: Getty Images

Атақты филиппиндік боксшы Мэнни Пакьяо келесі жекпе-жегін 2026 жылдың желтоқсанында өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Қарсыластар қатарында америкалық Ролли Ромеро, Джервонта Дэвис және Марио Барриоспен реванш нұсқалары қарастырылуда.

Пакьяо кәсіби мансабын 1995 жылы бастаған. Үш жылдан кейін WBC нұсқасы бойынша ең жеңіл салмақта әлем чемпионы атанды. Кейін ол жеңіл, жартылай орта және бірінші орта салмақты қоса алғанда, тағы жеті салмақта белдесулер жеңіп, тарихтағы сегіз салмақ дәрежесінде чемпион атанған тұңғыш боксшы болды.

Филиппиндік былғары қолғап шеберінің соңғы кездесуі Барриосқа қарсы өтті. Лас-Вегаста өткен бұл жекпе-жек 12 раундқа созылып, төрешілердің басым көпшілік шешімімен тең аяқталды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
29 Янв - 13:22 Бокс
Өзбекстанның этникалық қазағы енді Қазақстан намысын қорғайды
28 Янв - 20:05 Бокс
Қамшыбек Қоңқабаев кәсіби боксқа қайта оралуы мүмкін
24 Янв - 12:33 Бокс
Айдос Медет АҚШ-та өткен жекпе-жекте кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады
23 Янв - 08:33 Бокс
Айдос Медет АҚШ-та кәсіби мансабын жалғастырады
20 Янв - 19:43 Бокс
Жәнібек Әлімханұлының B сынамасы допингтің барын растады
20 Янв - 17:14 Бокс
Мейірім Нұрсұлтанов WBC рейтингінің көшін бастап тұр, алайда чемпиондық жекпе-жек әлі өтпеді
17 Янв - 18:01 Бокс
ESPN салмақ дәрежесіне қарамастан әлемдегі үздік боксшылар рейтингін жаңартты
13 Янв - 15:45 Бокс
Қазақстандық боксшы кәсіби спорттағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді
13 Янв - 13:22 Бокс
Райан Гарсия WBC чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді
13 Янв - 09:55 Бокс
Қайрат Сәтжановтың қызы әкесінің қызметтен кетуіне қатысты пікір білдірді