Оралбай мен Зокиров Кубок финалында жолығады

1751822046 1

Қазақстан құрамасының капитаны Айбек Оралбай мен Өзбекстан командасының көшбасшысы Жахонгир Зокиров Нью-Делиде өтетін бокстан Әлем Кубогының финалында кездеседі, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Финалдық кезең 17–22 қараша аралығында өтпек.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, биылғы маусымда суперауыр салмақтағы басты тартыс осы екі боксшының арасында өрбіді. Оралбай әлем чемпионатында (Англия) және Астанадағы Кубок кезеңінде топ жарса, Зокиров Бразилия мен Польшада өткен жарыстарда алтын алды.

Олардың бақталастығы 2025 жылғы олимпиадалық бокстың басты оқиғасына айналды. Енді шешуші жекпе-жек Үндістанда өтіп, соңғы гонгтан кейін қай елдің туы көтерілетіні анықталмақ.

Еске сала кетейік, Оралбай осыған дейін Ливерпульде өткен әлем чемпионатының финалында Зокировты жеңіп, Қазақстанға жалпыкомандалық бірінші орынды сыйлаған еді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
24 Янв - 12:33 Бокс
Айдос Медет АҚШ-та өткен жекпе-жекте кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады
23 Янв - 08:33 Бокс
Айдос Медет АҚШ-та кәсіби мансабын жалғастырады
20 Янв - 19:43 Бокс
Жәнібек Әлімханұлының B сынамасы допингтің барын растады
20 Янв - 17:14 Бокс
Мейірім Нұрсұлтанов WBC рейтингінің көшін бастап тұр, алайда чемпиондық жекпе-жек әлі өтпеді
17 Янв - 18:01 Бокс
ESPN салмақ дәрежесіне қарамастан әлемдегі үздік боксшылар рейтингін жаңартты
13 Янв - 15:45 Бокс
Қазақстандық боксшы кәсіби спорттағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді
13 Янв - 13:22 Бокс
Райан Гарсия WBC чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді
13 Янв - 09:55 Бокс
Қайрат Сәтжановтың қызы әкесінің қызметтен кетуіне қатысты пікір білдірді
12 Янв - 09:01 Бокс
Бек Нұрмағанбет келесі жекпе-жегінің наурыз айына шегерілгенін хабарлады
11 Янв - 09:11 Бокс
Жәнібек Әлімханұлының допинг ісі бойынша тыңдау 2026 жылдың қаңтарына белгіленді