Opta суперкомпьютері ӘЧ-2026 басты фаворитін атады

3737 1

Opta суперкомпьютері топтық кезең аяқталғаннан кейін ӘЧ-2026 турнирінің жаңартылған болжамын жариялады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. 25 мың симуляцияның қорытындысы бойынша әлем чемпионы атануға ең басты үміткер ретінде Франция құрамасы танылды.

Аналитикалық модельдің есебіне сәйкес, Франция құрамасының финалға шығу ықтималдығы 45,71 пайызды, ал чемпион атану мүмкіндігі 30,09 пайызды құрайды. Екінші басты фаворит ретінде қазіргі әлем чемпионы Аргентина құрамасы көрсетілген. Лионель Месси бастаған команданың финалға шығу ықтималдығы 28,97 пайыз болса, чемпиондық атағын қорғау мүмкіндігі 15,11 пайызға бағаланған.

Үздік үштікті Испания құрамасы түйіндейді. Испанияның финалға шығу ықтималдығы 20,02 пайыз, ал әлем чемпионы атану мүмкіндігі 11,87 пайыз деп көрсетілген. Сонымен қатар алғашқы бестікке Бразилия мен Англия құрамалары енді. Суперкомпьютер Бразилияның чемпион атану мүмкіндігін 9,41 пайыз, ал Англияның көрсеткішін 7,54 пайыз деп бағалады.

Қазіргі әлем чемпионы мәртебесі Аргентина құрамасына тиесілі. Олар 2022 жылы Катарда өткен әлем чемпионатының финалында Францияны пенальти сериясында жеңіп, тарихындағы үшінші титулын жеңіп алған болатын. ӘЧ-2026 турнирінде Аргентина чемпиондық атағын қорғауды жалғастырып, 1/16 финалда Кабо-Верде құрамасымен кездеседі.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
21 Авг - 15:05 Футбол
ФИФА Қазақстан футбол федерациясына жас футболшыларды дамытуға 250 мың доллар грант бөлді
21 Авг - 09:15 Футбол
Роналдиньо Италияның «Равенна» клубінің ортақ иесі атанып, алаңға қайта шығуы мүмкін
20 Авг - 18:02 Футбол
«Хан-Тәңірі» жеті гол соғылған матчта «Тобыл М»-ды жеңді
20 Авг - 09:26 Футбол
Андрей Мартин «Ордабасының» Қазақстан кубогының финалына шығуын бағалады
20 Авг - 08:30 Футбол
«Ордабасы» мен «Қайсар» Қазақстан кубогының финалында кездеседі
19 Авг - 16:45 Футбол
Рафаэль Уразбахтин «Кайратқа» айтылған сынға жауап берді
19 Авг - 09:15 Футбол
«Әл-Наср» Сауд Арабиясы Король кубогінің 1/8 финалына шықты
19 Авг - 08:30 Футбол
«Ахмат» Кенжебекпен бірге Ресей кубогінде алғашқы жеңісіне жетті
10 Авг - 15:32 Футбол
Левандовски «Барселона» аңыздар тізіміне енді
10 Авг - 13:54 Футбол
Санжар Сатановқа РПЛ клубы қызығушылық танытуда