Анге Постекоглудың Қазақстан құрамасын неге жаттықтырмағаны белгілі болды
Австралиялық маман Анге Постекоглу Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне үміткерлердің қатарында болды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Алайда Қазақстан футбол федерациясы белгілі жаттықтырушымен қаржылық талаптарға байланысты келісімге келе алмады.
AmanVibe мәліметінше, Талғат Байсуфинов қызметінен кеткеннен кейін ҚФФ бірнеше үміткердің кандидатурасын қарастырған. Солардың қатарында Анге Постекоглу да болды. Бірақ келіссөздер нақты келісімге ұласпады, себебі 60 жастағы маман жылына бес миллион АҚШ доллары көлемінде жалақы сұраған. Федерация үшін мұндай талаптар тым жоғары болғандықтан, келіссөздер тоқтатылды.
Австралиялық маманның соңғы жұмыс орны Англияның «Ноттингем Форест» клубы болды. Ол команданы өткен жылдың қыркүйегінде қабылдап алғанымен, небәрі бір айдан кейін қызметінен кетті. Оның жетекшілігімен клуб сегіз матч өткізіп, екі рет тең түсіп, алты рет жеңіліс тапты.
Маусым айының соңында Талғат Байсуфинов Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетті. Оның жетекшілігімен ұлттық құрама ӘЧ-2026 іріктеу кезеңіндегі соңғы үш матчта жеңілген жоқ. Сонымен қатар Қазақстан құрамасы Комор аралдары мен Намибия құрамалары қатысқан FIFA Series халықаралық турнирінде жеңімпаз атанды.



