Opta Чемпиондар лигасының фавориттерін атады

uclf 2025 stadium and match ball shoot 1 scaled

1/8 финалдың жеребесі тартылып, плей-офф жұптары анықталғаннан кейін суперкомпьютер Opta Чемпиондар лигасын жеңіп алуы мүмкін командалардың жаңартылған рейтингін жариялады.

Тізімнің көш басында әлі де «Ливерпуль» тұр. Дегенмен ағылшын клубының чемпион атану ықтималдығы 20,2%-дан 17,2%-ға төмендеді. Ал екінші орынға «Барселона» көтерілді — каталондықтардың мүмкіндігі 12,7%-дан 15,4%-ға дейін артты. Үштікті «Арсенал» түйіндеп тұр. Дегенмен лондондықтардың көрсеткіші 16,8%-дан 13,6%-ға дейін төмендеді.

Бірінші ондықтағы басқа командалардың да көрсеткіштерінде өзгерістер бар. Opta болжамы бойынша, 2024/25 маусымында Чемпиондар лигасын жеңіп алуы мүмкін клубтар мыналар:

«Ливерпуль» — 17,2%
«Барселона» — 15,4%
«Арсенал» — 13,6%
«Интер» — 12,7%
«Реал» Мадрид — 11,6%
«ПСЖ» — 8,8%
«Байер» — 5,8%
«Бавария» — 4,8%
«Атлетико» Мадрид — 2,9%
«Лилль» — 1,4%

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар