Өскеменде хоккейден әйелдер арасындағы Азия чемпионаты өтеді

Фото: НОК
5–8 қараша аралығында Өскемен қаласында шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
Жарысқа төрт құрама қатысады — Қазақстан, Жапония, Қытай және Оңтүстік Корея.
Бұл турнир Қазақстан құрамасы үшін өз деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеудің жақсы мүмкіндігі болмақ. Былтыр алғашқы Азия чемпионаты Қытайда өтіп, біздің хоккейші қыздар қола жүлдеге ие болған еді. Олар шешуші матчта оңтүстіккореялықтарды буллит сериясында ұтқан болатын.
Аталған құрамалар биыл ақпанда өткен Азия ойындарында да кездескен. Сол жарыста Қазақстан финалға дейін жетіп, Қытай мен Корея командаларын жеңіп, күміс жүлде еншіледі.
Болашақ жарыстың басты фавориті — әлемдік рейтингте көш бастап тұрған Жапония құрамасы. Жапон хоккейшілері өткен жылы Азия чемпионатын және Олимпиада-2026 іріктеу турнирін жеңіп, Италияда өтетін ойындарға жолдама алған еді.