Octagon президенті UFC-ге үміткер қазақстандық файтерлерді атады

Аян Турсын

Фото: Octagon

Қазақстандық Octagon ММА лигасының президенті Нұраддин Садықов YouTube-тегі «Azamat Sport» арнасына берген сұхбатында UFC-ге өтуі мүмкін отандық спортшыларды атады, деп хабарлайды Pin-Upsport.kz.

Садықовтың айтуынша, қыздар арасында Аян Тұрсынға қатысты келіссөздер нақты жүрген, бірақ соңғы жекпе-жегінен кейін бәрі кейінге қалдырылған. Ал жігіттер ішінде Сүндет Айтқұлдың мүмкіндігі жоғары – ол он жеңісінің бәрін мерзімінен бұрын аяқтаған. Сондай-ақ Абай Жалал да UFC-де өнер көрсетуге лайық. Қырғызстандық Руслан Касымалы Уулу мен Саяхат Абдуәлидің есімі де аталып жүр, бірақ Садықовтың пікірінше, Саяхатқа әлі ерте.

Айта кетейік, қазіргі таңда UFC-де Қазақстан атынан Шавкат Рахмонов, Асу Алмабаев, Азат Максұм, Бекзат Алмахан, Николай Веретенников және Дияр Нұрғожай өнер көрсетіп жүр. Бұған дейін Жалғас Жұмағұлов пен Сергей Морозов та осы лигамен келісімшартта болған.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Окт - 17:45 ММА
Менеджер Али Абдель-Азиз Фарид Башараттың UFC-ден кеткеніне қатысты пікір білдірді
14 Окт - 15:45 ММА
Тим Цзю үшін Ларамен жекпе-жек тарихи мүмкіндікке айналуы мүмкін
12 Окт - 16:45 ММА
Мехонцев Бивол мен Смит жекпе-жегі туралы пікір білдірді
11 Окт - 12:05 ММА
Брендан Аллен UFC Fight Night 290 турнирінде Кристиан Леруа Данканы мерзімінен бұрын жеңді
09 Окт - 17:00 Бокс ММА
Шон Стрикленд UFC-тен кетіп, кәсіпқой боксқа ауысуды ойлап жүр
08 Окт - 16:00 ММА
Жәнібек Әлімханұлының WBO титулы үшін жекпе-жегі қаңтарға шегерілді
07 Окт - 14:50 ММА
Қуат Хамитов Қазақстан құрамасын Фарер аралдарымен матчтан кейін сынады
07 Окт - 13:45 ММА
Жалғас Жұмағұлов үлкен жекпе-жек үшін октагонға оралуға дайын
07 Окт - 11:35 ММА
Шавкат Рахмонов 2027 жылы Майкл Моралеске қарсы жекпе-жекке ишара жасады
06 Окт - 16:22 ММА
Забит Магомедшарипов RAF күрес лигасымен келісімшартқа отырды