Нұрсұлтанов пен Әлімханұлы жекпе-жек өткізуі мүмкін бе? Бір ғана шарт бар

Жанибек Алимханулы

Жанибек Алимханулы. Фото: Getty Images

Әзірге жеңіліп көрмеген орта салмақтағы қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 KO) отандасы Жәнібек Әлімханұлымен (17-0, 12 KO) рингке шығуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Бірақ бұл жекпе-жек үшін алдымен бір маңызды талап орындалуы тиіс.

«Әрбір кәсіпқой боксшының арманы – абсолют чемпион атану. Мен де соның бірі болғым келеді. Егер жолымыз түйісіп жатса, Жәнібекпен жұдырықтасуға дайынмын. Естігенім – ол да қарсы емес. Бірақ алдымен чемпиондық белбеуді иеленуім керек», – деді ол Sportnews.kz сайтына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Мейірім Нұрсұлтанов енді WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы үшін басты үміткер атанды. Ол Доминикан Республикасы өкілі Карлос Адамеспен (24-1-1, 18 KO) күш сынасады деп күтілуде.

Егер Мейірім бұл белбеуді жеңіп алса, Әлімханұлымен болатын айқас – титул біріктіру жекпе-жегіне айналып, қазақ боксы тарихына енуі әбден мүмкін.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Янв - 19:43 Бокс
Жәнібек Әлімханұлының B сынамасы допингтің барын растады
20 Янв - 17:14 Бокс
Мейірім Нұрсұлтанов WBC рейтингінің көшін бастап тұр, алайда чемпиондық жекпе-жек әлі өтпеді
17 Янв - 18:01 Бокс
ESPN салмақ дәрежесіне қарамастан әлемдегі үздік боксшылар рейтингін жаңартты
13 Янв - 15:45 Бокс
Қазақстандық боксшы кәсіби спорттағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді
13 Янв - 13:22 Бокс
Райан Гарсия WBC чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді
13 Янв - 09:55 Бокс
Қайрат Сәтжановтың қызы әкесінің қызметтен кетуіне қатысты пікір білдірді
12 Янв - 09:01 Бокс
Бек Нұрмағанбет келесі жекпе-жегінің наурыз айына шегерілгенін хабарлады
11 Янв - 09:11 Бокс
Жәнібек Әлімханұлының допинг ісі бойынша тыңдау 2026 жылдың қаңтарына белгіленді
09 Янв - 12:55 Бокс
Бекзад Нұрдәулетов боксшы ретіндегі мансабын аяқтағанын мәлімдеді
06 Янв - 17:20 Бокс
Энтони Джошуа кәсіпқой бокстағы мансабын аяқтады