Николай Веретенников жеңісі үшін 27,8 миллион теңге табыс тапты

Фото: Zuffa LLC
Қазақстандық спортшы Николай Веретенников (13–6) UFC-дегі алғашқы жеңісі үшін 52 мың доллар шамасында табыс тапты. Ол UFC 318 турнирінде аргентиналық Франсиско Прадоны (12–4) төрешілер шешімімен жеңді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
Sporty Salaries мәліметінше, Веретенников бұл жекпе-жек үшін 24 мың доллар кепілдендірілген қаламақы алған. Сонымен қатар, 4 мың доллар демеушілік төлем және жеңіске байланысты 24 мың доллар бонус иеленді. Жалпы табысы 27,8 миллион теңгеге жетті.
Франсиско Прадо 30 мың доллар негізгі гонорар мен 4,5 мың доллар демеушілік төлем алды. Егер жеңіске жеткенде, оның табысы 64,5 мың долларға дейін өсуі мүмкін еді. Бірақ ол қазақстандық спортшыға жол берді.



