NAIZA 75: Нұрбек Қабдрахманов белбеуін қорғайды

Фото: Naiza
27 шілде күні Ақтауда NAIZA 75 турнирі өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде жартылай жеңіл салмақтың чемпионы Нұрбек Қабдрахманов титулын қорғайды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
Қабдрахманов (10-3) бұл жолы Қытайдан келген тәжірибелі файтер Жилейисимен (19-7) қолғап түйістіреді. Кештің екінші басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы уақытша чемпион атағына үміткер анықталады — Нұрболат Абу (10-2) мен Шарапутдин Магомедов (7-1) октагонға шығады.
Сонымен қатар, турнир барысында жеңіліп көрмеген Али Бадрудинов, панкратионнан әлем чемпионы Мейірбек Төлегенов және жұдырықтасу жанкүйерлерінің сүйіктісі, «Канский Фестиваль» лақап атымен танымал Қанат Құлмағамбетовтің жекпе-жегі өтеді.



