Милад Карими Хорватиядағы әлем кубогы кезеңінде алтын жүлдені жеңіп алды

Милад Карими. Фото: Olympic.kz
Казахстандық гимнасшы Милад Карими Хорватияның Осиек қаласында өткен спорттық гимнастикадан Әлем кубогының кезеңінде топ жарды. Ол турнирдің финалында кермеде өнер көрсетіп, 14.666 ұпай жинап, бірінші орынды иеленді.
Бұл — Каримидің осы жарыстағы екінші жүлдесі. Бұған дейін ол еркін жаттығуларда үшінші орын алып, қола медаль еншілеген болатын. Финалда израильдік Александр Мякинин (14.433) күміс, қытайлық Чени Се (14.300) қола жүлдегер атанды.
Айта кетейік, бұл турнирде Қазақстан құрамасы жалпы үш медаль жеңіп алды. Миладтан бөлек, Нариман Құрбанов атпен секіру жаттығуында қола жүлдегер атанды.