Михаил Шайдоров әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Михаил Шайдоров

Михаил Шайдоров

Бостонда өткен мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында Қазақстан атынан сынға түскен Михаил Шайдоров күміс жүлдегер атанды. Қысқа бағдарламадан кейін үшінші тұрған ол еркін бағдарламада сәтті сырғанап, бір саты жоғары көтерілді.

Шайдоров еркін бағдарламада 192.70 ұпай алды — бұл оның жеке рекорды. Жалпы есепте де 287.47 ұпаймен (тағы бір рекорд) екінші орынға тұрақтады. Алтын медальді тағы да АҚШ спортшысы Илья Малинин (318.56) жеңіп алды. Жапониялық Юма Кагияма (278.19) үздік үштікті түйіндеді.

Бұл — Михаилдің ересектер арасындағы әлем чемпионатындағы ең үздік көрсеткіші. Бұған дейін ол жастар арасындағы әлем біріншілігінде күміс алған, биылғы маусымда Азия ойындарында үшінші орын иеленіп, Төрт құрлық чемпионатында топ жарған еді.

Енді Шайдоров 2026 жылғы Олимпиадаға қатысу үшін қажет нормативті орындап отыр. Ол үшін Бостондағы әлем чемпионатында үздік 24-тікке ену керек болатын. Қазір ISU тарапынан ресми тізімді жариялау күтіліп отыр.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Янв - 22:20 Футбол
«Қайрат» Чемпиондар лигасында «Брюггеге» ірі есеппен жол берді
20 Янв - 20:11 Теннис
Кукушкин Оэйраштағы «Челленджер» турнирін сәтті бастады
20 Янв - 19:43 Бокс
Жәнібек Әлімханұлының B сынамасы допингтің барын растады
20 Янв - 17:14 Бокс
Мейірім Нұрсұлтанов WBC рейтингінің көшін бастап тұр, алайда чемпиондық жекпе-жек әлі өтпеді
20 Янв - 15:19 Футбол
«Реал» Винисиустың қысқы трансферде кетпейтінін мәлімдеді
20 Янв - 10:02 Теннис
Елена Рыбакина Australian Open турнирін сенімді жеңіспен бастады
20 Янв - 08:25 Футбол
Қазақстан құрамасы FIFA Series 2026 турнирінде Намибия, Комор аралдары және Кувейтпен ойнайды
19 Янв - 12:31 Теннис
Зарина Дияс Australian Open-2026 турнирін бірінші айналымда аяқтады
19 Янв - 10:00 Футбол
«Ақтөбе» Миралем Пьяничтің ауысымы бойынша келісімге келді
19 Янв - 08:29 Футбол
Сенегал құрамасы Кубок Африка турнирінің чемпионы атанды